НҰР-СҰЛТАН, 2 сәуір – Sputnik. Бибігүл Асылова Қазақстан премьер-министрінің әлеуметтік блок бойынша кеңесшісі болып тағайындалды.
"Қазақстан премьер-министрінің өкімімен Бибігүл Амангелдіқызы Асылова Қазақстан Республикасы премьер-министрінің кеңесшісі лауазымына тағайындалды", - деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі.
Бибігүл Асылова бұған дейін білім және ғылым вице-министрі қызметін атқарған. Қаржы министрлігінде (2014-2016) және экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінде (2013-2014) департамент директоры болды.
2004-2007 жылдары мәдениет, ақпарат және спорт министрлігінің экономика және қаржы департаментін, 2007-2009 жылдары статистика агенттігінің ішкі әкімшілік департаментін басқарды.