Күн 25 градусқа дейін жылынады: алдағы үш күнге ауа райы болжамы жарияланды

Иран аумағынан жылы ауа массалары келіп, Қазақстанның барлық аумағында ауа температурасы көтеріледі
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 1 сәуір – Sputnik. "Қазгидромет" алдағы үш күнде, 2-4 сәуірде ауа райы қандай болатынын болжады.
Синоптиктердің мәліметінше, Иран аумағынан жылы ауа массалары келіп, Қазақстанның барлық аумағында ауа температурасы көтеріледі деп болжанып отыр. Батыста сынап бағанасы +15+23 градусқа дейін, солтүстікте, орталықта және елдің шығысында +8+18 градусқа дейін, ал республиканың оңтүстігінде +17+25 градусқа дейін жетеді.
Алдағы демалыс күндері батыстан Атлантикалық циклон ауыса бастайды, бұл негізінен жаңбыр жауып, елдің батысы мен солтүстігінде желдің күшеюіне себеп болады.
Ал республиканың қалған бөлігінде жоғары қысым әсерінен ауа райы жауын-шашынсыз болады.
Өңірлер
Сәуірде ауа райы қандай болады