НҰР-СҰЛТАН, 1 сәуір – Sputnik. Павлодар облысында еріген қар суы көпбалалы отбасының үйін бас қалды.
Бұл туралы Павлодар ауданының Рождественка ауылының тұрғындары әлеуметтік желі арқылы дабыл қақты, деп хабарлайды@Pavlodarnews.kz.
Павлодар облыстық төтенше жағдай департаментінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, үйді су басу оқиғасы 31 наурыз күні сағат 17:47-де болған.
Павлодар облыстық төтенше жағдай департаментінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, үйді су басу оқиғасы 31 наурыз күні сағат 17:47-де болған.
"Павлодар ауданының Рождественка ауылында төтенше жағдайлар департаменті және жергілікті атқарушы органдардың күшімен еріген қар суын сору жұмыстары жүргізілуде. Оқиға орнына төтенше жағдайлар департаментінен төрт қызметкер мен бір техника және екі мотопомпа, жергілікті атқарушы органдардан бір қызметкер және бір мотопомпа жұмылдырылды", - делінген хабарламада.
Ал Рождественка ауылдық округінің әкімі Рашид Галеевтің айтуынша, еріген қар суы ауыл ішін лезде басып қалған. Жалпы, мұнда биыл су жарты метрге дейін көтерілген.
"Су басқан үй ауылдағы Абай көшесінде орыналасқан. Бұл көше өзге көшелердің деңгейінен төмен орыналасқан. Еріген қар су осы көшеге үлкен ағынмен барды. Су тасқынынан көп балалы отбасы яғни Абай көшесі, 67 үйі зардап шекті. Қазір бұл отбасы Розовка ауылындағы әжесінің үйіне уақытша қоныстанды", - деді ауыл әкімі.