НҰР-СҰЛТАН, 1 сәуір – Sputnik. Ақмола облысының Есіл қаласында көлік басып кеткен 6 жасар бала ауруханаға түсті.
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 30 наурызында болған.
Сағат 16:30-да Есіл аудандық полиция бөліміне жергілікті аурухананың фельдшері хабарласып, Мичурин көшесінде жол-көлік оқиғасы туралы айтқан.
"Анықталғандай, Есіл қаласының 20 жастағы тұрғыны көлігімен артқа шегу кезінде 6 жасар баланы басып кеткен. Жол-көлік оқиғасы салдарынан бала ауруханаға жеткізілді. Жүргізуші мас болмаған. Автокөлік айыппұл тұрағына қойылды", -делінген хабарламада.
Оқиғаға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.