Қоғам

Қазақстанда зейнетақы жинағының жеткілікті шегі ұзартылмайды

1 сәуірден бастап зейнетақы жинағының жеткілікті шегі шамамен екі есе өседі
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 31 наурыз – Sputnik. Қазақстанда зейнетақы жинағының қазіргі жеткілікті шегі ұзартылмайды. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Серік Шәпкенов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Бұл зейнетке деп жинап жүрген ақша. Егер ақшаны ала берсек, адам зейнет жасына жеткен кезде, ең төменгі зейнетақы алады. Бұл сонда дұрыс па? Еңбек министрлігі, бірінші кезекте, болашақ зейнеткерлердің құқығын қорғайды. Сол себепті біздің позиция мынадай: адам зейнет жасына жеткен кезде оның зейнетақысы жалақысына пара-пар болуы керек", - деді Шәпкенов сенат кулуарында.
Айта кетері, ертең, 1 сәуірден бастап Қазақстанда зейнетақы жинағының жеткілікті шегі шамамен екі есе өседі.
Бұған дейін Amanat партиясы қазіргі жеткілікті шектің мерзімін ұзартуды ұсынған еді.