Экономика

Қазақстан мен Еуропа одағы елдері арасындағы сауда 70%-ке өсті

Қазақстан ЕО елдеріне экспортталатын тауарлардың көлемін ұлғайтқан
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 31 наурыз – Sputnik. Қазақстан мен Еуропа одағы елдері арасындағы тауар айналымы 2022 жылғы қаңтар-ақпанда 6 миллиард долларды құрады.
Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 70,9%-ке жоғары (3,5 млрд доллар), деп хабарлайды сауда және интеграция министрлігі "QazTrade"" АҚ.
Компания ақпаратынша, қаңтар-ақпанда Қазақстаннан ЕО елдеріне экспорт 84,4%-ке өсіп, 5,2 миллиард долларды құрады. Ал ЕО елдерінен Қазақстанға импорт 14%-ке өсіп, 767,5 миллион доллар болды.
Қазақстан ЕО елдеріне экспортталатын тауарлардың көлемін ұлғайтты.
Атап айтқанда:
шикі мұнай – 81,2%-ке (4,6 млрд доллар);
ферроқорытпалар - 2,5 есе немесе 96,3 млн долларға дейін;
өңделмеген алюминий - 2,5 есе немесе 58,0 млн долларға дейін;
бидай - 13,2 есе 31,7 млн долларға дейін;
мұнай өнімдері - 40,4% немесе 94,6 млн долларға дейін;
табиғи газ - 4,3 есе немесе 35,5 млн долларға дейін).
Ал Еуропа одағы елдерінен Қазақстанға мынадай тауарлар импортталды: бөлшек сауда үшін өлшеніп салынған дәрілік заттар; вакциналар, қан сарысулары, қан; турбореактивтік және турбовинттік қозғалтқыштар, өзге де газ турбиналары; ауа немесе вакуумдық сорғылар, компрессорлар мен желдеткіштер; есептеу машиналары; құбырларға арналған арматура; телефон аппараттары; өзге де қара металдардан жасалған бұйымдар.