Павлодар облысында жаяу жүргіншіні қағып өлтірген жүргізуші қашып кетті

Ер адам ауылдағы үйлердің бірінде ұсталды. Сараптама қорытындысы бойынша жүргізуші сау болған
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 31 наурыз – Sputnik. Павлодар облысында жүргізуші жаяу жүргіншіні қағып, қашып кетті, деп хабарлады Polisia.kz.
29 наурыз сағат 21.00-де Ақтоғай ауылында ВАЗ-2114 автокөлігінің 55 жастағы жүргізушісі 56 жастағы ауыл тұрғынын қағып кеткен.
Әйел алған жарақатынан сол жерде көз жұмды.
"Жүргізуші оқиға орнынан қашып кеткен. Жүргізушіні ұстау үшін "Ұстау" жоспары енгізілді. Ер адам ауылдағы үйлердің бірінде ұсталды", – деп хабарлады Павлодар облысы ПД бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров.
Автокөлік айып тұрағына қойылды. Сараптама қорытындысы бойынша көлік жүргізушісі сау болған.
Қазақстан Қылмыстық кодексінің 345 және 347-баптары бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.