НҰР-СҰЛТАН, 31 наурыз – Sputnik. Қазақстанда доллардың бағамы көтерілді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Қазақстан қор биржасына сілтеме жасап.
Таңертеңгі сауда-саттықтың нәтижесі бойынша доллар бағамы 6,34 теңгеге көтеріліп, 465,49 теңгеге жетті. Кеше биржада бір доллар 458 теңгеден саудаланды.
Осыдан кейін ұлттық банк 31 наурыздағы доллардың ресми бағамын 458,20 теңге деп белгілеген болатын.
Kurs.kz порталының мәліметіне сәйкес, қазіргі кезде Нұр-Сұлтандағы валюта айырбастау пунктері бір долларды, шамамен, 467 теңгеден сатып жатыр. Ал сатып алу бағамы – 462,97 теңге.
Алматыда АҚШ валютасын 466,21 теңгеге сатып алуға болады. Ақша айырбастау пунктері бір долларды 461,17 тенгеден сатып алуға дайын.