Өңірлер

Алматыда жеті нысанға бомба қойылғаны туралы хабарлама түсті

Полиция мәліметінше, 7 нысанның үшеуі банк, екеуі сауда үйі, сондай-ақ оқу орны мен халықаралық әуежай
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 31 наурыз – Sputnik. Алматы қаласының полициясы бомба қойылды деп хабарланған бірқатар нысандарды тексеріп жатыр.
Тексеру жұмыстарына арнайы техника мен саперлер жұмылдырылды. Нысандағы адамдар эвакуацияланды.
"Таңертеңнен бері жарылғыш зат қойылғаны туралы 7 хабарлама келіп түсті. Оның үшеуі тексерілді. Ақпарат жалған болып шықты", - деп хабарлады Алматы полиция департаменті.
Кейінірек полиция екі сауда үйі мен жоғарғы оқу орнына, сондай-ақ Алматы халықаралық әуежайына бомба қойылғаны туралы ақпараттың да жалған екенін анықтады.