НҰР-СҰЛТАН, 30 наурыз — Sputnik. Степногорда жылу электр орталығында болған апаттың салдарын анықтау мақсатында жоспардан тыс тексеру белгіленді, деп хабарлады энергетика министрлігінің баспасөз қызметі.
"Степногор ЖЭО-дағы қазандықтардың апаттық тоқтау фактілері бойынша энергетика министрлігі атом және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің Ақмола облысы бойынша аумақтық департаменті тарапынан жоспардан тыс тексеру белгіленді", - делінген хабарламада.
Министрлік мәліметінше, тексеру нәтижесі бойынша тиісті шара қабылданады.
"Анықталған бұзушылықтар мен қабылданған шаралар туралы қосымша хабарланатын болады. Қазіргі Степногорда ЖЭО-да 4 қазандық және 3 турбина жұмыс істеп тұр. Станцияның генерациясы 64 МВт, жылу желілерінің температуралық режимі сақталып тұр", - деді министрліктегілер.
Естеріңізге сала кетейік, Степногордегі жылу электр станциясындағы апат 25 наурызда болды: екі энергетикалық қазандықта бірден тесік пайда болған.
25 наурызда алты энергетикалық қазандықтың екеуінде саңылау пайда болған.