Қазақстандықтар Рамазан айында ішімдікті аз ішеді

Қасиетті айда қазақстандықтар алкогольді ішімдік ішуді күрт азайтады
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 30 наурыз — Sputnik. DataMetrics мәліметі бойынша қасиетті Рамазан айында Қазақстанда алкаголь өнімдерін сату күрт азаяды.
2021 және 2020 жылдары Рамазан сәуір мен мамыр айларына дөп келді де, алкоголь өнімдерінің саудасы сәуірде сәйкесінше -1% және -13% болды. Алайда ораза аяқтала салысымен алкоголь өнімдерінің саудасы айтарлықтай өскені, яғни сәйкесінше +9% бен +37%-ке жеткені анықталды.
"2018 бен 2019 жылдардың сәйкес айларында мұндай қарқын байқалмайды, бұл алкогольді өнімдер сәуір мен мамырда көп өтеді дегенді жоққа шығарып отыр", - дейді аналитиктер.
2022 жылы қасиетті Рамазан айы 2 сәуірде басталып, 30 күнге созылады. 2 мамыр – Ораза айт.
Фото
Мүфтият ораза және намаз кестесін жариялады