Қоғам

Қайрат Сатыбалдыұлының бұрынғы әйелі 747 миллион теңге жымқырды деген күдікке ілінді

Тергеуге тартылған айыпталушылар бюджеттен 747 миллион теңгеден астам қаражат жымқырды деген күдікке ілінді
Sputnik
АЛМАТЫ, 30 наурыз – Sputnik. Шымкент қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Гүлмира Сатыбалдыға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Гүлмира Сатыбалды – Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалдының бұрынғы әйелі.
Сотқа дейінгі тергеу "Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" ММ лауазымды тұлғалары мен "Ария-Жаңа Астана" ЖШС басшылығына, оның ішінде Гүлмира Сатыбалдыға қатысты жүргізіліп жатыр, деп хабарлады сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі.
Іс 2021 жылы нақты орындалмаған құрылыс-монтаждау жұмыстары үшін аса ірі мөлшерде (747 миллион теңге) бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша басталды.
Өзге ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жарияланбайды.