Елорда тынысы

Нұр-Сұлтанда қолайсыз ауа райынан 160 жол апаты тіркелді

Нұр-Сұлтан полиция департаменті ауа райына мән беріп, көктайғақ кезінде аса сақ болу қажеттілігін ескертті
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 30 наурыз — Sputnik. Өткен тәулікте елордада 160 жол апаты тіркелді. Зардап шеккендер жоқ, деп хабарлады Нұр-Сұлтан полиция департаменті.
Полиция мәліметі бойынша, кешкі сағат 20:10 шамасында Lada маркалы автокөліктің 26 жастағы жүргізуші Қосшы елді мекенінен Қабанбай батыр даңғылына қарай Қарқаралы тас жолы арқылы келе жатып, 41 жастағы жүргізуші рөлінде болған "Фольксваген" көлігімен соқтығысты.
Ауа райының қолайсыздығы салдарынан жолдың көлік жүруіне арналған бөлігінде кептеліс туындауына байланысты тағы төрт автомобиль соғысты.
Талапкер аулы жағынан Астрахань тас жолы арқылы келе жатқан Shacman жүргізушісі көлікті игере алмай қалып, осы бағыттағы тағы басқа Shacman көлігіне соғылған. Осыдан кейін тағы үш көлік соғысып қалды.
Нұр-Сұлтан полиция департаменті ауа райына мән беріп, көктайғақ кезінде аса сақ болу қажеттілігін, жылдамдықты асырмай, тежегішті кілт баспау керектігін ескертті.
Сонымен қатар жаяу жүргіншілер де абай болып, автокөліктердің тоқтатағынан көз жеткізгеннен кейін ғана белгіленген жол бөлігінен өтуі қажет, деді тәртіп сақшылары.