Видео

Арыс пен Тараз маңындағы жарылыс орнында саперлер қалай жұмыс істеп жатыр

Қорғаныс министрлігі Түркістан және Жамбыл облыстарындағы әскери қоймалардағы жарылыс салдарын жою бойынша жұмыстарға кірісті
Sputnik
Қарулы күштердің инженерлік-саперлік бөлімшелері 28 наурыздан бастап Арыс және Жамбыл облысының Байзақ ауданындағы жарылыстардың салдарын жою жұмысына кірісетінін хабарлады.
"Арыста жару жолымен жойылатын оқ-дәрі қалдықтары қоймалардың техникалық аумағынан арнайы жабдықталған полигонға жеткізіледі. Жамбыл облысындағы инженерлік оқ-дәрі қоймасының аумағында оқ-дәрі қалдықтарын жоюға арналған орын жабдықталған. Ал қалған бөлігі арнайы полигондарға шығарылып жойылады", - деп хабарлады әскери ведомствода.
Жалпы осы жұмыстарға 650-ден астам әскери маман тартылды. Қорғаныс министрілігінде хабарлағандай, жергілікті халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ерекше назар аударылып отыр. Арыстағы және Жамбыл облысының Байзақ ауданындағы оқ-дәрі қоймаларында болған оқиғалар салдарын жою жұмыстары биыл қараша айының соңына дейін жалғасады.