НҰР-СҰЛТАН, 29 наурыз – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ассамблеясының отыз бірінші сессиясын шақыруға тапсырма берді.
"Қазақстан халқы Ассамблеясының отыз бірінші сессиясы 2022 жылғы 29 сәуірде Нұр-Сұлтан қаласында "Ел бірлігі – жаңарған Қазақстанның тірегі" күн тәртібімен шақырылсын", - делінген қаулыда.
Қазақстан Республикасының үкіметі Қазақстан халқы Ассамблеясының отыз бірінші сессиясын өткізуді ұйымдастыру жөнінде шаралар қабылдасын.