Алайда сол уақытта украиндық тарап пен Ресей сыртқы істер министрлігі бейбіт келісімге келу жөнінде алдын ала құжат әзірлеуге тиіс. Бұл жөнінде РФ президентінің көмекшісі Владимир Мединский айтты.
"Бүгінгі мазмұнды келіссөзден кейін екі ел басшысының кездесуі жөнінде шешім ұсындық, кездесу кезінде қос тараптың сыртқы істер министрлігі келісімнің алдын ала құжатын әзірлеуге тиіс. Құжаттың алдын ала нұсқасын әзірлеу кезінде келісімнің саяси тұстарын егжей-тегжейлі талқылауға мүмкіндік болады", - деді ол журналистерге.