Қоғам

Павлодарлық Түркиядан жалған доллар әкеліп, Нұр-Сұлтанда сатқан

Бірнеше жыл бойы ер адам долларды валюта айырбастау пунктері арқылы сатты
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 29 наурыз — Sputnik. Павлодар тұрғыны жалған банкноттарды таратқаны үшін сотталды. Ол алғаш рет 2019 жылы Түркиядан Қазақстанға жалған банкноттарды әкелген.
Сотталушы қылмысты қалай жасағаны туралы айтып берді. 2019 жылы Түркияда демалыста жүргенде оның танысы жалған 50 АҚШ долларын берген. Қазақстанға оралғанда, ол бұл ақшаны жұмсап, нағыз банкнотадан айнымайтынын түсінген. Айырбастау пунктінде жалған ақшаны бірден қабылдаған, деп хабарлайды Polisia.kz.
Жалған банкноттардың сапасы жоғары екеніне көз жеткізген соң ер адам осындай жолмен пайда табуды жалғастыруға шешім қабылдаған.
Ол Түркия тұрғынынан 50 АҚШ доллары мөлшеріндегі жалған банкнотаны қайтадан сатып алған. 2019 жылдан бастап 2021 жылға дейін олар Нұр-Сұлтанның, сондай-ақ Бішкектің айырбастау пунктерінде жалған долларды теңгеге айырбастаған.
2021 жылы павлодарлық шартты түрде 5 жылға сотталды. Қазір ол Павлодар қаласының пробация қызметінде есепте тұр. Апта сайын пробация қызметіне тіркеуге барады, жұмысқа орналасқан.
Өңірлер
Алматыда 1 миллион "долларды" жағып жіберді – видео