АЛМАТЫ, 29 наурыз – Sputnik. Қазақстан азаматтарын Украинадан эвакуациялау аяқталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
"Қазақстан Республикасының Украинадағы елшілігі 2022 жылдың 28 наурызына дейін Польшаның Катовице қаласынан жеті эвакуациялық әуе рейсі жасалғанын хабарлайды. Украинадан Қазақстанның 900 азаматы эвакуацияланды, оның 743-і Қазақстанға оралды", - делінген елшілік хабарламасында.
Қазір азаматтарды репатриациялық ұшақтармен эвакуациялау аяқталды.
"Шығуға мүмкіндік жоқ елді мекендерде болған және Украинадан аталған рейстермен кетуге мүмкіндігі болмаған азаматтардың өтініші жеке қаралады", - дейді елшілік.
Айта кетері, 28 ақпанда Украинадағы қазақстандықтардың алғашқы легі жеткізілді.