НҰР-СҰЛТАН, 29 наурыз – Sputnik. Елордада ақтүтек боран мен қатты жел соғып тұр.
Ауа райының күрт өзгеруіне байланысты қаладан шығар барлық бағыттар бойынша жолдар жабық.
Қалалық полиция департаменті жүргізушілерден алыс жолға шықпауды және қаладан шығу қажет болған жағдайда көліктің балама түрін пайдалануды сұрады.
"Қала көшелерінде температураның төмендеуі мен көктайғақтан жүргiзушiлердi барынша сақ болуға, белгіленген жылдамдық режимін қатаң сақтауға, көліктің тежегiшiн қатты баспауға және қашықтықты сақтауға шақырамыз", - делінген хабарламада.
Бүгінгі сағат 08.00-ден бастап елордада 80 жол-көлiк оқиғасы тіркелді. Зардап шеккендер жоқ.