Экономика

Доллар бағамы 470 теңгеге дейін түсті

Ұлттық валюта – теңге нығайып келеді
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 29 наурыз – Sputnik. Қазақстандық KASE қор биржасындағы сауда-саттықтың қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы тағы үш теңгеге төмендеп, 470,20 теңгені құрады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
29 наурыз таңертеңгі сауда бойынша шетелдік валютаның орташа бағамы 10,13 теңгеге төмендеген болатын.
Осылайша доллар бір күнде 13 теңгеге әлсіреді.
Kurs.kz порталының мәліметінше, Нұр-Сұлтанда айырбастау пунктері долларды орташа есеппен 459,72 теңгеден сатып алып, 464,72 теңгеге сатып жатыр.
Ал Алматыда 462,91 теңгеден сатып алса, 468,22 теңгеге сатып жатыр.
Бұған дейін ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров доллар әрі қарай арзандай беретінін, валюта нарығынан оң өзгерістер күтетінін мәлімдеген еді.