Өңірлер

Алматыда қатты жел салдарынан екі адам жарақат алды

Қазіргі уақытта олардың денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 29 наурыз – Sputnik. Алматы төтенше жағдайлар департаменті қатты желдің салдары туралы айтты.
"29 наурызда екпінді жел мен қатты жауын салдарынан төтенше жағдайлар департаментінің 112 желісіне ағаштың құлауы, шатырдың ұшуы туралы 34 хабарлама келіп түсті. Екі жер үйдің ауласын су басты", - деп хабарлады ТЖД.
Департамент хабарлауынша, екі ер адам дене жарақатын алған. Қазіргі уақытта олардың денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ.
"Жаңбыр түріндегі жауын-шашын түнгі сағат үшке дейін созылады. Ауа райының қолайсыздығына байланысты көліктерді ағаштардың астында қалдырмауды сұраймыз", делінген хабарламада.