НҰР-СҰЛТАН, 29 наурыз – Sputnik. Алматы облысындағы Деревянное көлінде екі балықшы суға кетті, деп хабарлады республикалық жедел құтқару жасағы .
Ресми мәліметке сәйкес, 28 наурызда кешкі сағат 17:30-да республикалық жедел құтқару жасағының кезекші бөліміне екі балықшының суға кеткені туралы хабар түскен. 49 және 53 жастағы ер адамдар Деревянное көлінде үрленетін резеңке қайықпен балық аулап жүрген.
"Қайық кенеттен аударылған. Куәгерлер бір ер адамның денесін судан шығарып алған. Ал республикалық жедел-құтқару жасағының сүңгуір мамандары түнгі сағат 00.00-де екінші балықшының денесін тапты", - делінген ресми хабарламада.
Құтқарушылар қайықпен балық аулау кезінде сақ болу қажеттігін ескертті. Міндетті түрде құтқару кеудешесін киіп, төтенше жағдайда 112 нөміріне хабарласу керек.