Өңірлер

Бір ай бұрын жоғалған 17 жастағы бойжеткен Жамбыл облысынан табылды

Ол өзін ұрлап кеткен адамнан жүкті. Қыздың анасы азаматтық некедегі күйеуі оны ұрып-соғатынын айтқан
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 28 наурыз – Sputnik. Осыдан бір ай бұрын жоғалып, халықаралық іздеу жарияланған 17 жастағы Назым Алдаш Жамбыл облысының Жаңатас қаласынан табылды, деп хабарлады "Отырар".
Бойжеткеннің жоғалғаны туралы 23 ақпанда анасы хабарлаған болатын. Оның айтуынша, Назымды ауруханаға барар жолда азаматтық некедегі күйеуі ұрлап әкетіп, күштеп ұстап отыр.
Назым өзін ұрлап кеткен адамнан жүкті. Қыздың анасы азаматтық некедегі күйеуі оны ұрып-соғатынын айтқан.
"Қазіргі күні қыздың жоғалуына қатысты тергеу жүргізіліп жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталатын болады", - деп хабарлады Түркістан облыстық полиция департаменті.