НҰР-СҰЛТАН, 28 наурыз — Sputnik. Энергетика министрлігі Степногор жылу электр орталығындағы жөндеу жұмыстары қашан аяқталатынын хабарлады.
"Қазір 3 энергетикалық жылу агрегаторы мен бір су жылытатын қазандық жұмыс істеп тұр. Станциядан таралып жатқан жылудың температурасы 93-95С жоғары, бұл белгіленген кестеден жоғары. Кестеге сай температура 87С", - деп түсіндірді ведомстводағылар.
Орталықта апаттың салдары мен анықталған кемшіліктері жою жұмыстары жүргізіліп жатыр.
"Жұмыстар 28 наурызда кешке дейін аяқталады. Қазандықтар резервке енгізіледі", - деді министрліктегілер.
Степногордегі жылу электр станциясындағы апат 25 наурызда болды: екі энергетикалық қазандықта бірден тесік пайда болған.