НҰР-СҰЛТАН, 28 наурыз – Sputnik. Мемлекет басшысының өкімімен Марат Шайхутдинов Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесі хатшысының бірінші орынбасары лауазымынан босатылды, деп хабарлады Ақорда.
63 жастағы Марат Шайхутдинов 2009 жылдан бері Қауіпсіздік кеңесі хатшысының орынбасары, 2015 жылдан бері бірінші орынбасары болды.
2007-2009 жылдары – Қазақстанның Тұңғыш президенті қоры жанындағы Әлемдік экономика және саясат институтының директоры.
2006-2007 жылдары – президент әкімшілігінің Сыртқы саясат орталығы меңгерушісінің орынбасары.
2000-2005 жылдары Қазақстан-Ресей университетінің директоры қызметін атқарды.