Мерзімді қызметтегі 6 мыңнан астам сарбаз запасқа шығарылады

Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 28 наурыз – Sputnik. Қазақстанның Қарулы күштерінде мерзімді әскери қызметін өткерген әскери қызметшілерді запасқа шығару басталды, деп хабарлады қорғаныс министрлігі.
Тиісті жарлыққа мемлекет басшысы биылғы жылдың 4 наурызында қол қойған болатын.
Ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес көптеген әскери әскерде экономиканың нақты секторында қажет жұмысшы мамандықтарын меңгерді.
Запасқа шығарылатын сарбаздардың көбі 2022 жылдың қаңтарында төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету шараларына тартылды.
"Әскери бөлімдердің командирлері атап өткендей, бір жыл ішінде мерзімді қызметтегі сарбаздар шынығып, әскери мамандықтарды меңгерді. Жауынгерлік даярлықта жоғары нәтижелерге қол жеткізіп, мұны бірнеше мәрте іс жүзінде көрсете білді", - делінген хабарламада.
Запасқа шығарылғаннан кейін сарбаздар әскери-оқытылған резерв ретінде тұрғылықты жері бойынша жергілікті әскери басқару органдарында есепке қойылады.
Барлық гарнизонда әскери қызметшілердің Жауынгерлік тумен қоштасу рәсімі өтіп жатыр. Отан алдындағы міндетін абыройлы атқарған сарбаздарға командирлері алғыс айтып, үйлеріне салтанатты түрде шығарып салуда.