НҰР-СҰЛТАН, 28 наурыз — Sputnik. Ресейдің федерация кеңесінің төрағасы Валентина Матвиенко Қазақстанға жұмыс сапарымен келеді.
Делегациямен бірге ол 29 наурызда Алматыда өтетін парламентаралық ассамблеяның 30 жылдығына арналған кеңестің салтанатты отырысына қатысады.
Оған ресми парламенттік делегациялар, әріптестік ұйымдардың басшылары қатысады. Федерация кеңесінің төрағасы Валентина Матвиенко Қазақстан парламенті сенатының спикері Мәулен Әшімбаевпен кездесу өткізеді.
Сондай-ақ, ТМД парламентаралық ассамблеясына мүше мемлекеттердің ұлттық делегациялары басшыларының бірқатар екіжақты кездесуі жоспарланған.
Валентина Матвиенко ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің Парламентаралық ассамблеясы кеңесінің төрағасы болып табылады.