Анастасия Городко фристайл-могулдан әлем чемпионы атанды

Ол осыған дейін қыздар арасында жекелей сайыс пен аралас санаты бойынша күміс жүлдені жеңіп алған болатын
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 28 наурыз – Sputnik. Қазақстандық спортшы Анастасия Городко фристайл-могулдан жастар арасында әлем чемпионы атанды, деп хабарлады Olympic.kz.
Бүгін Италияда фристайл-могулдан жастар арасында әлем чемпионатының соңғы жарыс күні өтті. Қыздар арасында параллельді могул бойынша сынға түскен отандасымыз жарыс жеңімпазы атанды.
Айта кетері, бұл Анастасия Городконың аталған әлем біріншілігіндегі үшінші медалі. Ол осыған дейін қыздар арасында жекелей сайыс пен аралас (микс) санаты бойынша күміс жүлдені жеңіп алған болатын.
Қазақстандық велошабандоз Азия чемпионы атанды