Фото

Алысқан алып пілдер мен мүлгіген макака: фотобайқау жеңімпаздары анықталды

Жыл сайын өтетін беделді World Nature Photography Awards байқауының үздік туындыларын суреттер топтамасынан көріңіздер
Sputnik
Әлемнің 20 елінен фотографтар World Nature Photography Awards 2021 байқауына қатысу үшін өтініш жолдаған.
Бұл байқау жыл сайын өтеді. Осы жолы АҚШ-тағы фотограф Амос Начум үздік деп танылды. Теңіз қабыланы мен оның арандай ашылған аузына қарай жүзіп бара жатқан пингвин бейнеленген сурет үшін Начум 1 мың доллар көлемінде сыйақы алды.
Байқау жеңімпазы осы суретті түсіру үшін Антарктикалық жартылай түбекте теңіз жыртқыштарын сағаттап күткенін айтты.
Суреттер топтамасынан байқауға қатысқан басқа да әсерлі суреттерді тамашалай аласыздар. Олардың қай-қайсысы да жабайы табиғаттың әсемдігін суреттейді.
1 / 15

Америкалық фотограф Амос Нахум түсірген теңіз қабыланының суреті World Nature Photography Awards 2021 байқауында жеңіске жетті. Ол осы сурет үшін 1 000 доллар көлемінде сыйақы алды.

2 / 15

Италиялық фотограф Фредерик Тести түсірген ағаштар пейзажы "Табиғат туралы өнер" категориясында бірінші орынды иеленді.

3 / 15

Канадалық борней орангутангіні суретке түсірген Томас Виджаян туындысы "Тіршілік ортасындағы жануарлар" категориясында бірінші орын алды.

4 / 15

Ресейдің толығымен мұзға айналған Байкал көліндегі мұз үңгір. Бұл суретті швейцариялық фотограф Сабрина Индербитци түсірген.

5 / 15

Сингапурлық фотограф Чин Леонг Тео түсірген қызыл құмырсқалардың әсерлі суреті.

6 / 15

Тынық мұхиты құрбақасының тынығып отырған сәтін канадалық фотограф Шейн Кей түсірген.

7 / 15

Үш айлық орангутангты отаға дайынау сәті. Бұл туынды бельгиялық фотограф Ален Шредердың қолынан шыққан.

8 / 15

Жапон фотографы Рие Асад түсірген мұз сарқыраманың суреті "Жердегі ландшафтар мен қоршаған орта" категориясында үшінші орын алды.

9 / 15

Америкалық фотограф Гаутам Бамболкар түсірген "Қаңырап қалған үй" атты сурет.

10 / 15

Британдық фотораф Винс Бертон сирек кездесетін арктикалық көгілдір түлкіні суретке түсірген. Бұл туынды "Қара мен ақ" категориясында бірінші орынға лайық деп танылды.

11 / 15

Үнді фотографы Ашок Даун құзғын мен түлкінің өлексемен қоректеніп отырған сәтін түсірген.

12 / 15

Америкалық фотограф Маттейс Ном түсірген киттің суреті "Жабайы табиғат" категориясында бірінші орынды иеленді.

13 / 15

Фиджи аралдарындағы ұзын құйрықты макаканың мүлгіген сәтін фотограф Том Виерс түсірген.

14 / 15

Ландшафт фотографы Сэм Уилсон түсірген сурет World Nature Photography Awards 2021 байқауында "Жер ғаламшарындағы пейзаж бен қоршаған орта" категориясында бірінші орынды иеленді.

15 / 15

Британдық фотограф Уильям Фортескью екі алып пілдің шайқасу сәтін суретке түсірген.