Доллар бағамы тағы төмендеді

Бір тәулікте ұлттық валюта 5 теңгеге нығайды
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 28 наурыз – Sputnik. Қазақстан қор биржасындағы сауда-саттықтың қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 483,74 теңге деңгейінде болды.
Осылайша, бір күн ішінде ұлттық валюта 5,36 теңгеге нығайды. Таңертең доллардың орташа сараланған бағамы 489,1 теңгені құрады.
Kurs.kz порталының мәліметінше, ақша айырбастау орындары долларды 481-482 теңгеге сатса, 475-476 теңгеге сатып алып жатыр.