Өңірлер

Ақтөбеде мемлекеттік ту төмен түсірілді

Ақтөбе қаласы әкімдігі тудың төмен түсірілуі себебін айтты
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 28 наурыз – Sputnik. Ақтөбеде күннің бұзылуына байланысты мемлекеттік ту төмен түсірілді, деп хабарлады қалалық әкімдік.

"Ақтөбеде желдің күшеюіне байланысты 12 шағын аудандағы айналма жолда орнатылған мемлекеттік ту уақытша алынды және тұңғыш президент атындағы орталық саябақта тұрған мемлекеттік ту жел басылғанға дейін түсіріліп қойылды", - делінген әкімдіктің әлеуметтік желідегі парақшасында.

Ақтөбе қаласы әкімдігі бұл әрекет тудың желдің салдарынан жыртылып қалмауы үшін жасалғанын түсіндірді. Жел басылған соң қайтадан орнына ілінеді.