Қоғам

Алматыдан Өзбекстанға тұрақты рейстер ашылады

Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 28 наурыз – Sputnik. 2022 жылғы 30 наурыздан бастап "Uzbekistan Airways" АҚ Наманган – Алматы – Наманган жаңа халықаралық бағыт бойынша тұрақты әуе қатынасын іске қосады.
Рейстер аптасына екі рет – сәрсенбі және сенбі сайын орындалады, деп хабарлайды тасымалдаушының баспасөз қызметі.
Билетті Uzbekistan Airways ресми сайтынан, компанияның филиалдары мен агенттерден сатып алуға болады.
Жаңа бағдар "Шығыс" хабы жобасы аясында ашылды, деп нақтылады баспасөз қызметіндегілер.
Бұған дейін Өзбекстан мен Қазақстан вакцинация сертификаттарын өзара таныған болатын.