Оқиға

Қатты дауыл: Таразда үстіне ағаш құлаған жасөспірім көз жұмды

Бала жедел жәрдем жеткенше қайтыс болған
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 27 наурыз — Sputnik. Таразда 12 жастағы жасөспірімнің үстіне ағаш құлап, көз жұмды.
Трагедия бүгін 13.30-да болды, деп хабарлайды облыстық полиция департаменті.
Бала анасымен бірге Төле би даңғылындағы "Арбат" паркі аялдамасында автобус күтіп тұрған.
"Оқиға салдарынан кәмелетке толмаған бала алған дене жарақатынан оқиға орнында көз жұмды", - деп хабарлады департаментте.
Құқық қорғау органдары болған оқиғаны толық және жан-жақты тергеуге бағытталған жедел-тергеу іс-шараларын жүргізеді.
Бүгін Таразда қатты дауыл, жылдамдығы секундына 30 метрге жетеді.