Оқиға

Нұр-Сұлтаннан ұшып шыққан ұшақ әуежайға қайта оралды

Жолаушылар ұшағы техникалық ақауға байланысты әуежайға оралуға мәжбүр болды
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 27 наурыз – Sputnik. Эйр Астана компаниясының Нұр-Сұлтан-Алматы бағытындағы А 321 ұшағы әуежайға қайта оралды.
Әуе компаниясының мәліметінше, борт ішінде герметиканың жоғалуы салдарынан әуежайға оралуға тура келді.
Әуе кемесі Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына таңғы 08:32-де сәтті қонды.
Бортта 158 жолаушы мен экипаж мүшесі болған. Аталған факті бойынша ҚР ИИДМ авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тергеу басқармасы тергеу жүргізетін болады.