Луганскіде Ресейге қосылуын қарастыратын референдум өтуі мүмкін

24 ақпанда Ресей Украинада арнайы әскери операцияны бастады
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 27 наурыз — Sputnik. Луганск халық республикасының Ресей құрамына кіруіне қатысты референдум өтуі мүмкін, деп хабарлады аталған республиканың басшысы Леонид Пасечник.
"Жақын уақытта республика аумағында референдум өтеді деп ойлаймын. Ол жиында халық өзінің конституциямен қарастырылған құқығын жүзеге асырып, республиканың Ресей Федерациясы құрамына кіруіне қатысты пікірін білдіреді", - деді ол шетелдік журналистермен кездесуде.
Ақпанның ортасында Донецк пен Луганск халық республикаларының басшылары өз егемендіктерін тану туралы Ресейге өтініш білдірді. Ресей президенті Владимир Путин 21 ақпанда осы екі республиканың тәуелсіздігін мойындау туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды РИА Новости.
Еске салсақ, 24 ақпанда Ресей Украинада арнайы әскери операцияны бастады.