Илон Маск жаңа әлеуметтік желі ашуды жоспарлап отыр

Миллиардер бұл жоспары туралы өз оқырмандарымен бөлісті
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 27 наурыз — Sputnik. Америкалық кәсіпкер, SpaceX пен Tesla компанияларының басшысы Илон Маск жаңа әлеуметтік желі құруға шындап кіріскелі жатыр.
Маск өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында цензура мен үгіт-насихат мәселесін бірнеше рет көтерген. Сондай бір посттың астында желі қолданушысы Tesla басшысынан үгіт-насихат аз болатын әлеуметтік желі құру ойында бар ма екені туралы сұрады.
"Мен осы жайлы шындап ойланып жүрмін. Жаңа платформа қажет пе?" – деп қарсы сауал қойды Илон Маск.
Америкалық Tesla Motors компаниясы 2003 жылы электромобиль мен оларға қатысты технологияларды дайындайтын мекеме ретінде құрылған.
Компания электромобильден басқа, өз технологиясы бойынша батареялар мен электр қозғалтқыштар шығарады және оны Toyota және Daimler сияқты басқа автомобиль компанияларына сатады.