НҰР-СҰЛТАН, 26 наурыз – Sputnik. Қазақстандық Алексей Ваганов Душанбеде велоспорттан Азия чемпионатының жекелей жарысында алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлады Рrosports.kz.
Велошабандоз 24 шақырымды 31 минут, 14.415 секундта жүріп өткен. Екінші орынды ирандық Мохаммад Дарзи Раманди (+0:45) иеленсе, Моңғолия өкілі Алтангерел Даваяргал (+0:54) үздік үштіктен көрінді.