НҰР-СҰЛТАН, 26 наурыз – Sputnik. Қазақстандық боксшы, орта салмақтағы IBF және IBO тұжырымдамалары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин мотивациясы туралы және 40 жылдық мерейтойы қарсаңында өзін қалай сезінетіні туралы айтып берді.
Головкин THE FIGHT with Teddy Atlas Youtube арнасына берген сұхбатында өзінің физикалық формасы туралы сұраққа жауап берді.
"Қандай да бір мотивация туралы айту қиын. Мұнда тек мотивация ғана емес, өмір салты да бар. Мен өзімді керемет сезінемін. Қазіргі өмір сүру салтымның арқасында әлі де бокстаса аламын. Бокс - менің өмірім. Мен спортшы мен азамат ретінде міндеттерімді орындай алып жатқаныма қуаныштымын", - деді спортшы.
Ол 40 жасында кәсіби рингке шығамын деп ойламағанын мойындады. Қазіргідей өзін күшті сезінетініне үміт білдірді.
"Алдағы жекпе-жекке дайындық ұзақ жүріп жатыр. Осы уақыт ішінде екі-үш кездесу өткізуге болар еді. Қазір өз ұмтылысымды, мотивациямды сақтап, кәсіби формамның шыңына жетуім керек", - деді Геннадий Головкин.
Еске салсақ, 8 сәуірде танымал қазақстандық спортшы Геннадий Головкин 40 жасқа толады. Ал 9 сәуірде ол орта салмақтағы WBA Super белбеуінің иегері Риота Муратамен (16-2, 13 КО) кездеседі.
Жекпе-жек Токиодағы (Жапония) Saitama Super Arena-да өтеді. Қазақстандықты екі титулы мен жапонның белбеуі таразыға салынады.
Головкин соңғы рет рингке 2020 жылдың желтоқсанында шықты, ол кезде АҚШ-та поляк Камил Шереметаны (21-1, 5 КО) нокаутқа түсіріп, 21-ші рет әлем чемпионы атағын қорғаған еді. Бұл рекордтық көрсеткіш.