Алматыда жылқыны автобуспен тасымалдаған ер адамға айыппұл салынды

Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 26 наурыз – Sputnik. Алматыда жылқыны автобуспен тасымалдаған ер адамға айыппұл салынды, деп хабарлады Polisia.kz.
Бұған дейін әлеуметтік желіде қалалық автобуспен тасымалданған жылқының видеосы тарады.
Полиция тергеу жүргізіп, жылқының иесін анықтады.
"Ол өз кінәсін бірден мойындады. Жылқы иесі Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 407-2-бабының 1-бөлімі 5-тармағы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Алдағы уақытта мұндай заңбұзушылықтарға жол бермеу туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді", - деді Медеу ауданы полиция басқармасының басшысы Дәурен Өтебаев.
Жануарларды тасымалдау талаптарын бұзған жеке тұлғаларға 10, лауазымды тұлғаларға 20, заңды тұлғаларға 30 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады.
Оқиға
Жылқыны көліктің артқы орындығына тиеп алған ұры ұсталды - видео