Экономика

Ұлттық банк инвестициялаудың баламалы құралдары туралы айтты

Жақын арада Ұлттық банктің интернет-дүкені арқылы инвестициялық монеталарға алдын ала тапсырыс беруге мүмкіндік туады
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 25 наурыз – Sputnik. Қазақстан Ұлттық Банкі жинақты алтын мен күмістен жасалған инвестициялық монеталарын және тазартылған алтын құймаларын пайдалана отырып, сақтауды ұсынады.
Инвестициялаудың баламалы құралдары
Ұлттық банк мәліметінше, инвестициялық құралдардың артықшылықтардың бірі – оның нарықтағы өтімділігі, ол өлшемелі құймалар мен инвестициялық монеталарды кері сатып алуға өткізу мүмкіндігімен қамтамасыз етіледі.
Егер алтын құймалар зақымданбаған тұтас қаптамамен кері сатып алуға өткізілсе, алтын құйманың иесі олар үшін өткізген күні төлем алады.
Инвестициялаудың баламалы құралдары
"Алтын мен күміске салынған қаржы инвестицияны инфляция мен валюталық тәуекелден сақтап қана қоймайды, сонымен қатар бәсекеге қабілетті кірісті де қамтамасыз ете алады", - делінген хабарламада.
Алтын мен күміс құнының теңгедегі динамикасынан көрініп тұрғандай, Ұлттық банктің өлшемелі алтын құймалары мен инвестициялық монеталарына инвестиция салу – ұзақ мерзімді перспективада жоғары табысты көрсетеді. 2000 жылдан 2022 жылға дейінгі аралықта алтын бағасының орташа жылдық өсу қарқыны 18% болса, күміс бағасы үшін бұл көрсеткіш – 15,1%.
Сонымен қатар, жақын арада Ұлттық банктің интернет-дүкені арқылы инвестициялық монеталарға алдын ала тапсырыс беруге мүмкіндік туады.
Ондай жағдайда сатып алушылар өздеріне ыңғайлы уақытта монеталарды алып кете алатын Ұлттық банк филиалын таңдай алады. Таңдалған филиалда монеталар болмаса, олар филиалға Ұлттық банк есебінен жеткізіледі. Монеталарды дайындау мен логистиканы ескергенде жеткізудің орташа уақыты 4-6 аптаны құрайды.
Монеталар филиалға келіп түскеннен кейін сатып алушылар Ұлттық банк филиалына бару күні мен уақытын белгілеу туралы хабарлама алады. Алдын ала тапсырыс беру кезінде монеталар үшін төлем жүргізілмейді. Монеталардың құны Ұлттық банк филиалында сатып алынған күндегі бағалы металдың теңгедегі құнына байланысты анықталады.
Теңгедегі құны Лондон бағалы металдар нарығының қауымдастығымен (LBMA) анықталған сәйкес металдың бір троя унциясының бағасы және теңгенің долларға қатысты ресми бағамы бойынша анықталған.