НҰР-СҰЛТАН, 25 наурыз – Sputnik. Қазақстандық қор биржасы саудасының қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы - 494,26 теңге.
Таңертеңнен бері ұлттық валюта тек 0,23 теңгеге әлсіреді.Ол кезде доллардың биржадағы бағасы 494,03 теңге болатын.
Kurs.kz порталының мәліметінше, елдің айырбастау орындарында долларды 488-494 теңгеге сатып алып жатыр, ал сату құны 493-499 теңгені құрап отыр.