НҰР-СҰЛТАН, 25 наурыз — Sputnik. KASE қазақстандық қор биржасының таңғы сауда-саттығында доллардың орташа өлшемді бағамы 494,03 теңге болды.
24 наурызда бұл көрсеткіш 495,27 теңге еді.
Kurs.kz порталының мәліметіне сәйкес, валюта айырбастау пунктері долларды 490-493 теңгеге сатып алып жатыр. АҚШ валютасы 496 теңгеден сатылуда.
Кеше, бейсенбіде ұлттық валюта бағамы шамамен 10 теңгеден артық көрсеткішке нығайған болатын.