Қоғам

Нұрқаділовтің өлімі бойынша тергеу қайта басталды ма – Бас прокуратураның түсініктемесі

Ведомство Заманбек Нұрқаділовтің ұлы жіберген өтініштің қаралып жатқанын растады
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 25 наурыз – Sputnik. Бас прокуратура әлеуметтік желіде тараған ақпаратты жоққа шығарды.
Алайда Заманбек Нұрқаділовтің ұлы жіберген өтініштің қаралып жатқанын растады.

"Әлеуметтік желілерде Бас прокуратураның Заманбек Нұрқаділовтің қаза болу фактісі бойынша қылмыстық істі тергеуді қайта бастағаны туралы ақпарат таралуда. Бас прокуратура бұл мәліметтердің шындыққа жанаспайтындығын хабарлайды. Қайрат Нұрқаділовтің арызы қаралып жатыр", - делінген ресми хабарламада.

Айта кетері, бұған дейін марқұмның ұлы Қайрат Нұрқаділов әкесінің өлімі бойынша тергеу шараларын қайтадан бастауды талап еткен.
Оның айтуынша, Заманбек Нұрқаділов өз-өзіне қол салмаған. Оны белгісіз біреулер атып кетті.

Заманбек Нұрқаділовтың өлімі

Қоғам қайраткері Заманбек Нұрқаділов 2015 жылы 12 қараша күні қаза тапты. Оның денесінде үш оқтың ізі болды.
Екеуі кеудесінде, біреуі басына тиген. Ресми қорытындыға сәйкес, Нұрқаділов өз-өзіне қол салған.
Танымал әнші Мақпал Жүнісова Нұрқаділовтің жұбайы болған.
Қоғам
"Өлтіріп тастаймыз деген": Заманбек Нұрқаділовтің қарындасы Жүнісовадан көмек сұрады