НҰР-СҰЛТАН, 24 наурыз – Sputnik. Қазгидромет 25 наурызға арналған ауа райына болжам жасады.
Синоптиктердің болжамынша, атмосфералық фронталды бөліктердің өтуімен Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады – жауын-шашын, елдің солтүстігі мен шығысында көбінесе қар түрінде, түнде оңтүстік-батыста – қатты жауын жауады.
Тек елдің батысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республика бойынша желдің күшеюі, тұман, көктайғақ, солтүстігі, солтүстік-батысы мен шығысында жаяу бұрқасын болады.
Түнде Түркістан облысының батысы, оңтүстігі, тулы және тау бөктеріі аудандарында тұман, күндіз тау асуларында желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі.
Жамбыл облысының оңтүстігі, солтүстік-шығысы мен таулы аудандарында тұман, көктайғақ, таңертең және күндіз шығысы мен таулы аударында желдің 15-20 м/с күшеюі ықтимал. Түнде және таңертең Алматы облысының оңтүстігі мен таулы аудандарында тұман, көктайғақ, солтүстік-шығысында жел 15-20 м/с күшейеді.
Қызылорда облысының солтүстігінде тұман, күндіз орталығында желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі.
Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде жаяу бұрқасын, көктайғақ болады, түнде солтүстігі мен оңтүстігінде, күндіз басым бөлігінде желдің 15-20, күндіз екпіні 25 м/с күшейеді. Павлодар облысының шығысында, солтүстігінде жаяу бұрқасын, көктағақ, түнде шығысында, күндіз батысы мен солтүстігінде желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығысында жаяу бұрқасын, түнде батысы, солтүстік-шығысы мен оңтүстігінде желдің 15-20, екпіні 23 м/с күшеюі күтіледі. Қостанай облысының шығысы мен оңтүстігінде тұман, көктайғақ, шығысында жаяу бұрқасын, күндіз шығысында жел 15-20 м/с күшейеді.
Ақмола облысының солтүстігі мен батысында жаяу бұрқасын, көктайғақ, солтүстігі мен шығысында желдің 15-20 м/с күшейеді. Маңғыстау облысының батысында тұман, батысы мен оңтүстік-шығысында желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, Атырау облысының солтүстігі мен орталығында тұман түседі.