Ресей Қазақстанға құрлық шекарасы арқылы өтуге қойылған шектеулерді алып тастайды

Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 24 наурыз – Sputnik. Ресей 30 наурыздан бастап Қазақстан мен Моңғолияға құрлық шекарасы арқылы өтуге қойылған шектеулерді алып тастайды, деп хабарлады РИА Новости.
Бұл туралы бейсенбі күні Ресейдің коронавирус инфекциясымен күрес жөніндегі жедел штабы хабарлады.
"Жаңа коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі жедел штаб 2022 жылдың 30 наурызы Мәскеу уақытымен сағат 00:00-ден бастап Ресей-Қазақстан шекарасының құрлық бөлігі арқылы Қазақстан азаматтарының Ресейге кіруіне және Ресей азаматтарының Қазақстанға баруына, сондай-ақ Ресей-Моңғолия шекарасының құрлық учаскесі арқылы Моңғолия азаматтарының Ресейге кіруіне және Ресей азаматтарының Моңғолияға өтуіне тыйым салатын шектеулерді алып тастау туралы шешім қабылдады", - деп хабарлады штаб.