Тағы жеті қазақстандық Украинадан Польша арқылы шығып кетті

Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 24 наурыз – Sputnik. 23 наурызда Қазақстанның Украинадағы елшілігі 7 адамға Львовтан Катовицеге жол жүруге жағдай жасады. Бұл туралы елшіліктің Telegram-каналында хабарланды.
Еще семь казахстанцев покинули Украину через Польшу
"2022 жылдың 23 наурызында Қазақстанның Украинадағы елшілігі Львовтан Катовицеге (Польша) 7 адамды, оның ішінде 12 және 4 жастағы балаларды, сондай-ақ екі мысық пен бір итті жөнелтуді ұйымдастырды", - делінген елшілік хабарламасында.
25 наурызда Катовицеден Қазақстан азаматтарын эвакуациялауға дайын гуманитарлық ұшақ ұшады деп жоспарлануда.