НҰР-СҰЛТАН, 24 наурыз – Sputnik. Өткен тәулікте, 23 наурызда Қазақстанда коронавирус инфекциясын жұқтырған 12 науқас тіркелді, деп хабарлады COVID-19 індетін таратпау жөніндегі ведомствоаралық комиссия.
Өңірлердегі статистика:
Алматы – 8
Алматы облысы – 1
Қарағанды облысы – 1
Маңғыстау облысы – 1
Павлодар облысы – 1
Басқа облыстарда және екі мегаполисте – Нұр-Сұлтан мен Шымкентте коронавирус инфекциясын жұқтырған бірде-бір науқас анықталмаған.
Айта кетері, елімізде барлығы 1 304 961 адам індетке шалдықты.