Фото

Мәскеу хайуанаттар бағындағы пандалар – көз сүйсіндіретін суреттер

Әлемнің көп елі көктемнің келуін Жаңа жыл ретінде атап өтеді. Мәскеу хайуанаттар бағындағы пандалардың туған елі – Қытайда да бұл мейрам Көктем мерекесі деп аталады
Sputnik
Мәскеу хайуанаттар бағындағы пандалар Диндин мен Жуи көктемді ерекше қуанышпен қарсы алады. Ал наурыздың ортасында олардың "кәсіби мерекесі" – Халықаралық панда күні аталады.
2016 жылға дейін үлкен панда жоғалып бара жатқан жануарлар түріне жатқызылды да, кейіннен жоғалу қаупі бар жануар қатарына енді. Үлкен пандалар тіршілік ететін Қытайда бұл жануарларды сақтап қалу бойынша ауқымды шаралар қабылданды.
Мәселен, Қытайда панданы өлтіргендер өлім жазасына кесіледі.
Осындай қатаң шаралар мен орманды кесуге мораторий жариялануының арқасында қытай үкіметі алып пандалар популяциясының өсуіне көп жылда алғаш рет қол жеткізді. Үлкен пандалар WWF, яғни Дүниежүзілік жабайы табиғат қорының символы болып табылады.
1 / 8

Қытай үкіметінің алғашқы панда фестивалін өткізуі Дүниежүзілік панда күнінің бастауы болды. Бұл шара 2002 жылы өтіп, Қытайдың оңтүстік-батысындағы Волон Ұлттық паркінде төрт күнге созылды. Бұл паркте пандалардың әлемдік популяциясының басым бөлігі тіршілік етеді.

2 / 8

Тан әулетінің кезеңінде жапон императорына қос панда сыйлыққа тартылған шақта пандалар бүкіл әлемге танымал болды. Өткен ғасырдың ортасында панданың танымалдылығы артқаны соншалық, ол қытай дипломатиясы мен мәдениет саласындағы тәжірибе алмасудың ажырамас бөлігіне айналды.

3 / 8

1984 жылы бұл дәстүрге тоқтау салынды. Қытай үкіметі пандаларды ел аумағынан тыс алып шығуға тыйым салды. Алайда жылына 12 миллион доллар төлеу арқылы пандаларды он жылға жалға алу мүмкіндігі қарастырылған. Ал қамауда дүниеге келген қонжықтарға меншік құқығы Қытайға тиесілі болады.

4 / 8

Жабайы табиғаттағы пандалардың өмір сүру ұзақтығы - орта есеппен 14-20 жыл.

5 / 8

Пандалар негізінен Қытайдың оңтүстік-батысындағы биік таудағы орманда тіршілік етеді және тек бамбук ағашымен қоректенеді. Олар күніне 12-38 килограмм шамасында бамбук жейді. Бұл бамбуктың қай бөлігін қорек еткеніне байланысты болады.

6 / 8

Пандалар білегінің үлкен сүйектерін саусақ ретінде пайдаланады.

7 / 8

Жаңа туған панда өз анасының 1/900 бөлігін құрайды. Ұрғашы панданың салмағы 90 килограмға дейін, аталық панданың самағы 140 килограмға дейін жетуі мүмкін. Бұл аюлар өз салмағына қарамастан ағашқа жақсы өрмелейді.

8 / 8

Мәскеу хайуанаттар бағындағы панда.