Коронавирустың қауіпті штамы пайда болуы мүмкін – ғалымдар

Еуропа ғалымдары омикронды коронавирустың ауыр штамы алмастырады деп болжады
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 24 наурыз – Sputnik. Ұлыбритания мен Италия ғалымдары коронавирустың омикронға қарағанда ауыр және жұқпалы штамының пайда болу ықтималдығын бағалады. Зерттеу Nature Reviews Microbiology журналында жарияланды.
Мамандар омикронды алмастыратын SARS-CoV-2 жаңа жұқпалы штамы иммунитеттің қорғанысын бұзып өтіп, өмірге қауіпті симптомдарды тудыруы мүмкін екенін атап өтті.
"Антигендік эволюция иммунитеттен бұлтарып, ауыр симптомдарды тудыратын коронавирустың жаңа нұсқаларының пайда болуына әкеп соқтыруы мүмкін", - делінген зерттеуде.
Ғылыми жұмыста вирус эволюциясы жұққыштықтың жоғарылауымен және иммундық жауаптан айналып өту мүмкіндігімен анықталатыны айтылған. Аурудың ауырлығы, керісінше, эволюцияның жанама нәтижесі ғана.
Оқи отырыңыз: Коронавирустан өмір бойына қорғайтын вакцина әзірленіп жатыр
Денсаулық
Ғалымдар омикронның алдамшы симптомын атады