Экономика

Доллар 10 теңгеге арзандады

Ұлттық банк демалыс күндері бір доллардың бағамын 505,22 теңге деп бекіткен
Sputnik
НҰР-СҰЛТАН, 24 наурыз – Sputnik. Қазақстан қор биржасындағы (KASE) сауда-саттық кезінде доллар бағамы 495,27 теңгеге дейін түсті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Айта кетері, Наурыз мейрамына дейінгі соңғы сауда-саттық 18 наурызда өткен. Сол кезде доллар бағамы 505 теңге болған.
Ұлттық банк демалыс күндері бір доллардың бағамын 505,22 теңге деп бекіткен.
Бүгін таңертеңгі сауда-саттықта доллар бағамы 501,49 теңгеге дейін түсті. Ал күндізгі сауда-саттықта тағы төмендеп, 495,43 теңгеге дейін арзандады.
Осылайша, АҚШ валютасы бір күннің ішінде 10 теңгеге түсіп кетті.
Kurs.kz порталының мәліметіне сәйкес, қазіргі кезде айырбастау пунктерінде бір долларды 492-495 теңге сатып алып жатыр. Ал сату бағасы - 497-501 теңге.